РФ-да ресейлік тауарларға арналған жеке сөрелер пайда болады

Ресей Федерациясында «Сауда қызметін мемлекеттік реттеу негіздері туралы» заңға өзгеріс әзірленіп жатыр. Енгізілетін түзетулерге сәйкес, сауда желілері отандық азық-түлікке жатпайтын тауарлар үшін жеке сөрелер қоюға міндеттледі.

Бұл шара отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елдің технологиялық дамуын ынталандыруға бағытталған.

Өнеркәсіп және сауда министрлігі ресейлік дүкендердегі жеке сөрелерге қойылатын тауарлардың тізімін және олардың тауарлардың жалпы көлеміндегі үлесін анықтап береді.

Алдағы уақытта бұл шараның аясын азық-түлік тауарларына дейін кеңейту жоспарланып отыр. Роспотребнадзор осы талаптардың орындалуын бақылауды өз мойнына алады.

Жаңа норма соңғы жыл ішінде 2 млрд рубльден кем табыс тапқан сауда желілеріне қатысты болмайды. Себебі шағын және орта бизнестің отандық тауарлар үшін негізгі өткізу арналары.

Өзгерістер монобрендтік дүкендер желілеріне қатысты болмайды.

Добавить комментарий