РФ-да президенттік мерзім өшірілгеннен бері бір жыл өтті

2020 жылы 10 наурызда Ресей Мемлекеттік Дума депутаттарының бірі Владимир Путин держава басшысы лауазымына қайта сайлана алатындай етіп ел Конституциясын өзгертуді ұсынды. Ол кезде Ресей халқы конституцияның өзгеруіне қарсы болған жоқ. Осылайша, 2021 жылғы 10 наурызда президенттік мерзімді өшіріп тастау туралы бастаманың көтерілгеніне тура бір жыл өтті. Осы жыл ішінде Ресей билігі не атқарды және жалпы алғанда Ресей халқының әл-ауқаты қандай?

Біріншіден, Путиннің осыдан бір жыл бұрын, әлемдегі барлық авторитарлық көшбасшылар сияқты шексіз билікке қол жеткізу мақсатында Конституцияны елемей, немесе билік басында қалу үшін оны өз пайдасына өзгертіп отырғанын атап өткен жөн.

Конституцияға сот жүйесіне, Мемлекеттік Думаның және Федерация Кеңесінің өкілеттіктерін кеңейтуге қатысты енгізілген түзетулер бүркеме болды. Оның мақсаты РФ-ның қазіргі президентін ұзақ уақытқа билікте қалуға мүмкіндік беру болды.

Қазір РФ-да күрделі экономикалық жағдай қалыптасты. Елдегі инфляция деңгейі әлемдегі ең жоғары көрсеткіштің бірі. Бағаның өсімі, кедейлік, бұл мәселелер бірінші кезекте Ресей азаматтарын толғандырып отыр.

Мысалы, желтоқсан айында Ресей билігі күнбағыс майы мен қант бағасын ұстап тұру үшін шаралар қабылдады. Алайда басқаларының бағасы көтеріліп кетті.

РФ Федералдық монополияға қарсы қызметі монополияны реттеу және бәсекелестікті ынталандыру үшін тиімді шаралар қабылдап жатқан жоқ. Елде тек баға реттеу енгізілді. Нәтижесінде монополияны көтермелеу, ал екінші жағынан мемлекеттік реттеу пайда болуда. Бұл тапшылыққа және бағаның өсуіне алып келеді.

Ресей билігі экономиканы тұрақты қалпында сақтай алмағаннан кейін, ал уақыт өте келе оның өсімін қамтамасыз ете алмағаннан кейін билік басындағылар халықтың сынына ұшыраудан аулақ болуға тырысады.

Мысалы, депутаттардың бірі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өзгергені туралы жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заң жобасын әзірлегенін мәлімдеді.

Айыппұл 200-800 мың рубль шамасында болады, оған қоса 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. ФМҚ аталған депутаттың бастамасын қолдады. Осылайша, егер мұндай заң жобасы күшіне енетін болса, РФ азаматтары бағаның өсуіне қатысты билікті сынағаны үшін ақшасынан да, бас бостандығынан да айырылуы мүмкін.

Путиннің режимі биылғы жылы бұрыңғыдан да қатты күшейе түсті. Билік Ресей азаматтары билікті сынай алмайтындай етіп жағдай жасауға тырысып жатыр. Тіпті билік өз міндеттерін орындай алмаса да. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты дамыту үшін барлық жағдай жасалған.

Добавить комментарий