Семейде бұзбақ болған ескі ғимаратты сақтап қалды

Семейде 1844 жылы салынған көне ғимарат — көпес үйі бұзылмайды. Ғимарат орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов барды.

Облыс басшысы Семей жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлерінен Найманбаев көшесі бойында 1844 жылы салынған бұрынғы көпес үйінің ғимаратын сақтап қалуды сұраған бірнеше рет хат түскенін айтты.

«Ондаған жыл бұрын ғимаратты жеке кәсіпкер сатып алып, оның жанынан сауда үйін салған. Қазір кәсіпкер бұл жерде тұрғын үй салу үшін оны бұзбақ ойы бар. Семейге жұмыс сапары барысында мен ескі ғимараттың иесімен кездестім. Облыстық мәдениет басқармасы бұл сәулет ескерткішінің тарихи құндылығы туралы барлық қажетті құжаттарды дайындап қойды, оның үстіне, 177 жылдық тарихы бар саудагер үйінің бастапқы келбетін қалпына келтіру үшін ақша бөлемі», — деді әкім.

Д. Ахметов болашақта ескі ғимаратқа мұражай филиалдарының бірін немесе жылжымалы көрмелерді орналастыруға болатынын ұсынды. «Сәулет ескерткішінің иесі көппәтерлі тұрғын үй салғысы келетіні құптарлық жағдай. Жақын арада Семей әкімдігі кәсіпкерге қаланың шағын аудандарының бірінде жер телімін ұсынады», — деп қорытындылады сөзін әкім.

Добавить комментарий