РФ-да Ozon қоймаларында болған өрті салдарынан 10 млрд рубль болатын тауар жанып кетті

Ozon компаниясының қоймаларында шыққан өрт салдарынан жалпы құны 10 млрд рубль болатын тауар өртенді.

4 тамыз күні таңертең ресейлік өрт сөндірушілер Мәскеу маңындағы Истра қаласында Ozon сауда интернет-алаңының қоймасында шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды Ресейдің өңірлік ТЖМ басқармасы.

Қойма 3 тамызда сағат 12:30-да жана бастаған. Сағат 21:15-те қызыл жалын оқшауланды, сағат 4 тамыз күні таңғы сағат 06:00 шамасында дейін өрт сөндірушілер ашық жалынды ауыздықтады. Оқиға орнында екі Ка-32 тікұшағы жұмыс істеді. Өрттің жалпы аумағы 55 000 шаршы метрді құрады

BBC хабарлауынша, жұмысшылар дер кезінде эвакуацияланған, алайда кем дегенде 13 адам зардап шекті.

Өрттен келген шығын 10 млрд рубльден асады. Тауарлары өртенген адамдарға өтемақы төленеді, ал оларды сатып алғандарға ақшасы қайтарылады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, сарапшылар қойманы қасақаны нұсқасын қарастыруда.

Добавить комментарий