Ресей Федерациясының аумағында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті деген күдікпен Литваның Клайпед ауданының мэрі ұсталды
РФ шекаралық күзет қызметкерлері операцияны Курш шығанағында жүргізді. Хабарланғандай, шетелдік шенеуніктің жанында тағы екі адам болған.
Бұл туралы Литва Сыртқы істер министрінің баспасөз жөніндегі өкілі Витауте Шмайжите-Кулешене хабарлады.
«СІМ Ресей аумағында Литваның үш азаматы жүргені туралы ақпараттан хабардар. Біздің кнсулдықтың қызметкерлері жағдайды анықтап жатыр», — деді ол. Литва тарапының мәліметінше, ұсталғандардың бірі балық аулауды сүйетін — Клайпед ауданының мэрі Бронюс Маркаускас.
Сондай-ақ, Литва шекарашылары үш адам литвалық катермен шекарадан заңсыз өткенін растады. «Олар байқамай өтіп кеткен болуы керек», — дейді Литва ІІМ жанындағы Мемлекеттік шекараны күзету қызметінің өкілі Гедрюс Мишутис. Ол мұндай оқиғалар жылына бірнеше рет орын алатынын атап өтті. «Тәртіп бұзушыларға әкімшілік жауапкершілікке тартылады», — деді шекара ведомствосының өкілі.