РФ Мемлекеттік думасының депутаты Краснодарды қалалық мобилизация жұмысы жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Станислав Ржицкийдің өлтірілгенін айтты.
«Бүгін Краснодарда қала әкімшілігінің мобилизация жұмысы жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Станислав Ржицкийдің арқасынан оқ атылды. Мен оны «Краснодар» сүңгуірінің командирі кезінен танимын. Мэрияда оның қолбасшылығымен және экипажымен жақын араластық», — деп жазды РФ Мемлекеттік Думасының депутаты, Краснодардың экс-басшысы Евгений Первышов өзінің телеграм-каналында.
Қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі Ржицкийдің қайтыс болғанын растады: «Бөлім бастығының мобилизация жұмысы жөніндегі орынбасары Станислав Ржицкий шынымен де қайтыс болды. Оның қайтыс болу фактісі бойынша құқық қорғау органдары тексеріс жүргізеді», — деді агенттік сұхбаттасушысы.