Ресей Федерациясында эстондық елші тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды. Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері арнайы операция жүргізді.
Хабарланғандай, елші Март Ляттен Ресей азаматынан құпия ақпарат алмақ болғанда ұсталды.
Арнайы қызмет өкілдерінің пікірінше, оның әрекеті айқын дұшпандық және дипломатиялық мәртебемен үйлеспейтін болып сараланады. Оған халықаралық құқық нормаларына сәйкес шара қолданылатын болады.