РФ-да ірі зерттеу орталығының қызметі қалаусыз деп танылды

РФ Бас прокуратурасы Ресей аумағындағы еуропалық ірі орталықтың қызметі қалаусыз деп танылғанын мәлімдеді.

Әңгіме Вилфрид Мартенс атындағы Еуропалық зерттеулер орталығы туралы болып отыр.

«Келіп түскен материалдарды зерттеу нәтижелері бойынша РФ Бас прокуратурасы Ресей Федерациясының аумағында «Вилфрид Мартенс атындағы Еуропалық зерттеулер орталығы» шетелдік үкіметтік емес ұйымының қызметін қалаусыз деп тану туралы шешім қабылдады. («Martens Centre») 2007 жылы Брюссельде Бельгияның бұрынғы премьер-министрі Вилфрид Мартенс Еуропалық халық партиясының қолдауымен ЕО елдері саясатының жаңа нұсқаларын тұжырымдау үшін талдау орталығы ретінде құрған болатын», — деп мәлімдеді РФ Бас прокуратурасы.

Добавить комментарий