РФ-да ер адам қызының жігітін зорлады

16 қаңтарда Мәскеу полициясына 22 жасар Олег (аты өзгертілген) жүгінді. Жігіт тергеушілерге кешкісін Митинодағы қызына қонаққа барғанын айтты. Олармен бірге пәтерде қыздың әкесі, 66 жастағы Андрей (аты өзгертілген) болған.

Алдымен олар және қыздың әкесі ішімдік ішіп отырған. Таң ата Андрей ішімдікке сылқия тойып алып, Олегті зорлаған.

«База» мәліметтері бойынша, полиция қызметкерлері жігіттің арызын қабылдап, оның айғақтарын тексереді.

Мәскеуде қызының жігітін зорлаған ер адам әйелімен арасы суығанын айтты. Сонымен қатар, зорлаушы жігітті қызының құрбысымен шатастырып алғанын алға тартты — сол күні кешкісін олар бірге болған.

«База» мәліметтері бойынша, Олег (барлық аттары ойдан шығарылған) қызы Катяға Зоямен бірге келген. Жастар — суретшілер, олар картиналармен жұмыс жасап, шығармашылықтарын талқылауды жоспарлаған. Олег қызы Катямен мектеп қабырғасынан бері араласады. Оның әкесін де жігіт жақсы таниды, олар бірнеше рет кездескен.

Ер адамның мұндай азғындық жасауына не түрткі әзірге түсініксіз. Болжам бойынша, ол мас күйде Олегті қызының құрбысы Зоямен шатастырып алған. Сонымен қатар, ер адам кешірім сұрап, оның ұзақ уақыт бойы жыныстық қарым-қатынаста болмағанын айтты: соңғы уақытта әйелімен араздықта болған.

Добавить комментарий