РФ-да COVID-19 жұқтыру көрсеткіші артуда

Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өскені байқалады. Үшінші күн қатарынан ауру жұқтырғандар саны артып келеді.

РФ-да 2022 жылғы қазан айының соңынан бері алғаш рет COVID-19 жұқтырудың тәуліктік өсімі 9,6 мыңнан асты, 46 науқас коронавирустан қайтыс болды, делінген жұма күні жарияланған жедел штабтың дерегінде.

«COVID-19-дың 9670 жаңа жағдайы тіркелді. Бір тәулік ішінде ауруханаға жатқызылғандар саны 1 065 адамды құрады, алдыңғы тәуліктермен салыстырғанда 0,7%-ға артты», — делінген хабарламада.

Жедел штабтың мәліметінше, ауруханаға жатқызылғандар саны РФ-ның 34 өңірінде артты, елдің 39 өңірінде төмендеген. 12 өңірде жағдай өзгеріссіз қалып отыр.

Өткен тәулікпен салыстырғанда Ресейде 9 287 науқас тіркелді, COVID-19 жұқтырудың жаңа оқиғалары 383-ке артты.

Өткен тәулікте коронавирустан 46 адам қайтыс болды, күні кеше 40 адам қайтыс болған.

«Бір тәулік ішінде 6 311 адам жазылып шықты немесе 2 ақпанмен салыстырғанда 4,8%-ға артты», — делінген хабарламада.

Пандемия басталғалы бері Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырудың барлығы 21 977 653 жағдайы тіркелген, 395 194 қайтыс болды және 21 369 340 адам жазылып шықты.

Добавить комментарий