Ресей Федерациясы Президентінің тапсырмасы бойынша, ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін шаралар қабылданатын болады.
Владимир Путин өңірлердің басшыларына мейрамханалар мен ойын-сауық орындарының түнде (сағат 23:00-ден таңғы алтыға дейін) жұмыс істеуіне тыйым салуды ұсынды. Сонымен қатар, әкімдерге 60 жастан асқан азаматтарға өзін-өзі оқшаулауды енгізу және оларды бір айға қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыруды ұсынды.
Сондай-ақ, өңірлер басшыларына ойын-сауық іс-шараларын өткізуге тыйым салу және Ресей үкіметі мен жергілікті биліктің мекемелеріне кіру үшін QR-код жүйесін енгізу ұсынылды.
РФ-да вакцина салдырғандар екі күн демалады
Ресей Президенті сондай-ақ губернаторлар мен кәсіпорын басшыларына қызметкерлерге вакцина салдыруы үшін жалақысын сақтай отырып екі күн демалыс беруді, коронавируске тест тапсыруды қамтуды «еселеп» ұлғайтуға және тез арада індетке шалдыққан науқастарды оқшаулауды қарастыруға, сондай-ақ маска режимі мен әлеуметтік қашықтықтың сақталуына бақылауды күшейтуге тапсырма берді.
Осы шаралар бойынша бірінші есеп президентке 30 қарашаға дейін, содан кейін — ай сайын ұсынылуы керек.
Ресей президенті бұған дейін 30 қазан мен 7 қараша аралығын демалыс күндері болады деп жариялап, өңірлерге бұл мерзімді ұзартуға рұқсат берген болатын. Бұл туралы үкімет 20 қазанда сұраған. Оған коронавирустық инфекцияның жаңа типтегі пандемиясының төртінші толқыны себеп болды.
Өткен тәулікте Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 37 930 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. 25 қазанда таңертең 1069 науқас қайтыс болды. Соңғы айда ресми статистика бойынша жаңа оқиғалардың саны екі есеге өсті.