Мемлекеттік Думаға ана капиталы есебінен автокөліктер сатып алуға рұқсат беруді көздейтін заң жобасы енгізілді.
Парламенттің төменгі палатасы атал5ан заң жобасын қарайды. Мемлекеттік думаның отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі комитетінің басшысы Нина Останина осындай заңнаманы қабылдау туралы бастама көтерді. Құжат 9 ақпан, бейсенбі күні Думаның электрондық базасында жарияланды.
Заң жобасы азаматтарға ана капиталын жолаушыларды тасымалдауға арналған және сегіз орыннан аспайтын автокөлікті сатып алуға жұмсау құқығын беруді ұсынады, бұл ретте көлік жаңа және Ресейде шығарылған болуы керек.
Сондай-ақ, мұндай жағдайда автокөлік баланың немесе балалардың анасының атына тіркеледі, ал көлік тіркелген күннен бастап үш жыл ішінде сатуға немесе басқа жолмен өз атынан шығаруға болмайды.
2022 жылдың желтоқсанында Ресей президенті Владимир Путин ана капиталы қаражатынан балаға ай сайынғы төлем төлеу туралы заңға қол қойды.
Қараша айында Путин ана капиталы бағдарламасы 2026 жылдың соңына дейін ұзартылғанын хабарлады.