РФ-да америкалық журналист ұсталды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/03/speech-51234-1680200287-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Ресейде The Wall Street Journal журналисті тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды.

Ресей Федерациясы Федералдық қауіпсіздік қызметінің қоғамдық байланыс орталығы америкалық үкіметтің пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен АҚШ азаматы, The Wall Street Journal тілшісі Эван Гершковичтің ұсталғанын мәлімдеді.

ФҚҚ-ның мәлімдеуінше, Гершкович «америкалық тараптың тапсырмасы бойынша әрекет еткен» және мемлекеттік құпияны қамтитын ресейлік әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының бірінің қызметі туралы мәліметтер жинаған. Журналист Екатеринбургте құпия мәліметтер алу кезінде ұсталды.

Қазір Ресей ФҚҚ тергеу басқармасы Гершковичке қатысты РФ Қылмыстық кодексінің 276-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, аталған бап 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

 

Добавить комментарий