РФ-да америкалық ғылыми орталық жағымсыз ұйым деп танылды

Ресейде тағы бір ұйымды жағымсыз деп тану туралы шешім қабылданды. Елдің жоғары қадағалау органы осындай мәлімдеме жасады.

«Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы АҚШ-тың «Вудро Вильсон атындағы халықаралық ғылыми орталығы» (Woodrow Wilson International Center for Scholars) шетелдік үкіметтік емес ұйымының қызметін Ресей Федерациясының аумағында жағымсыз деп тану туралы шешім қабылдады», — деп хабарлады жұма күні қадағалау ведомствосы.

Ресейлік прокурорлар орталықтың қызметі «конституциялық құрылым мен қауіпсіздік негіздеріне қауіп төндіреді» деп санайды.

Қабылданған шешім туралы ақпарат РФ Әділет министрлігіне Ресейде қызметі жағымсыз деп танылған шетелдік және халықаралық үкіметтік емес ұйымдар тізбесіне енгізу және жариялау үшін жіберілді, деп хабарлады Бас прокуратура.

АҚШ Конгресі Вудро Вильсон орталығын 1968 жылы құрды.

Ұйымның сайтында хабарлағандай, орталық «саяси қоғамдастықты пәрменді идеялар туралы хабардар ету үшін тәуелсіз зерттеулер мен ашық диалог арқылы жаһандық проблемаларды шешуге арналған саяси форум» болып табылады.

Добавить комментарий