Ресейде Мемлекеттік Дума сайлауында бірыңғай дауыс беру күні жарияланды. РФ азаматтары 2021 жылдың 17-19 қыркүйек аралығында дауыс бере алады.
17-19 қыркүйек аралығында Ресейде түрлі деңгейдегі сайлау өтеді. Ел халқы VIII шақырылымының Мемлекеттік Дума депутаттарын, тоғыз субъектінің (үш өңірдегі жоғары әкімшілік тұлғаларын заң шығарушы биліктің депутаттары сайлайтын болады) және 39 өңірлік парламенттің депутаттарын сайлайды. Сондай-ақ, муниципалды сайлау өтіп жатыр.
Дауыс беру учаскелері үш күн бойы сағат 08:00-20:00 аралығында жұмыс істейтін болады.
Дауыс берудің соңғы күні 19 қыркүйек.