Брянск облысының губернаторы Вячеслав Гладков өзіне сеніп тапсырылған аймақта терроризмге қарсы операция жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Әңгіме Ресей аумағында жұмыс істеп жатқан украиндық диверсиялық-барлау тобының жұмысы туралы болып отыр.
«Күш құрылымдары тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Кеше жарияланған терроризмге қарсы операцияның аяқталуын күтіп отырмыз», — деді губернатор Вячеслав Гладков.
Еске сала кетейік! 22 мамырда «Орыс еріктілер корпусы» мен «Азат Ресей» легионы шекарадан кесіп өтіп, Белгород облысының елді мекендерін Ресей билігінен «құтқаратынын» мәлімдеді: Козинка және Гора-Подоль ауылдарынан бастап, бірақ күллі Ресейді «азат етуге» ұмтылады.
РФ Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков Грайворонск округінің аумағына «УҚК диверсиялық-барлау тобы» кіргенін мәлімдеді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путинге Белгород облысындағы шекарада орын алған туралы баяндаған, бірақ «украин диверсанттарын» қуып шығып, олардың көзін жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
Украина Қорғаныс министрлігі Барлау бас басқармасының спикері Андрей Юсов 22 мамырда РФ-ның Белгород облысында «Орыс еріктілер корпусы» және «Азат Ресей легионы» бейбіт украиндық тұрғындарды қорғау үшін «қауіпсіздік жолағын» құру операциясын бастағанын және оған тек Ресей азаматтары қатысатынын мәлімдеді.
Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк 22 мамырда Ресейдің Белгород облысында болған оқиғаларға Украинаның тікелей қатысы жоқ деп сендірді.
Бұған дейін Вячеслав Гладков Грайворонск ауданының тұрғындарының көбісі үйлерін тастап кеткенін хабарлаған болатын.