Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников елінің НАТО-ға мүшелігіне қатысты пікір білдірді.
Ол Украина НАТО-ға мүше болатынына сенімді, себебі РФ-ға қарсы сәтті тойтарыс беру тәжірибесі болғандықтан, Альянсқа мүше елдер Украинаның қосылуына өздері де мүдделі.
«Егер Ресей НАТО үшін басты қауіп болса, онда әріптес-қорғаныс министрлеріне қоятын сұрағым бар: замаунауи, тиімді, тәжірибесі бар әлемде бір ғана ел Ресей әскерін тежеуді, оны ұрыс алаңына шабуылдап, нақтырақ айтқанда, заманауи НАТО қару-жарағын пайдалана отырып жеңе алады, ал енді Украинаны Альянсқа қосылуға шақыру үшін сіздерге тағы қандай аргумент керек?
Бұл Альянстың мүддесі үшін. Сондықтан мен не де болса (біздің — ред.) перспективамызға оптимистік көзқараспен қараймын. Украина де-факто НАТО елі болып табылады және де-юре НАТО еліне айналады деп сенемін», — деп мәлімдеді Резников телемарафонда.