Ресейліктерді халық соғысына қатысуға шақыруда

Ресей Қорғаныс министрі өз сөзінде Ресей армиясының санын арттыру қажеттігін мәлімдеді. Сондай-ақ, Шойгу әскерге шақырудың шекті жасын ұлғайтып, елдегі келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкерлердің санын көбейтуге ниетті екенін мәлімдеді.

«Билік өкілдерінің мұндай мәлімдемелері Кремльдің ұзаққа созылатын соғысқа дайындалып жатқанын көрсетеді. Кремльдің Ресей әскерін көбейтуге ниеті Украинада әскери арнайы операция емес, кескілескен қанды соғыс жүріп жатқанының тағы бір айқын мысалы.

Соңғы апталарда ресейлік пропагандисттер Ресей армиясы тек Украина қарулы күштерімен емес, НАТО-ға қарсы соғысып жатқанын жиі айта бастады. Пропагандисттер ресейліктерді отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге шақырып, соғыс алағына баруға үгіттеуде.

Фото: РФ Қорғаныс министрі әскерге шақыру жасын арттыру қажет деп санайды

Айқын мысалдардың бірі — Кремльдің топ-пропагандисті Маргарита Симоньянның күйеуі Тигран Кеосаяның мәлімдемесі. Кеосаян өз аудиториясына жасаған үндеуінде мемлекеттер арасында соғыс жүріп жатқанын, бұл Ресей мен ел халқына қауіп төндіріп тұрғанын бірнеше мәрте және эмоционалды түрде айтты.

Пропаганданың қарапайым қисыны бар. Ресей әскері Украина аумағын басып алып, бақылауында ұстап, шабуыл жасап тұрған кезде бұл жетістік болып есептелді, демек бұл Путиннің арнайы операциясы.

Ресей әскерінің бірқатар жеңілістерінен кейін — бұл барлық ресейліктер үшін халық соғысына айналды. Пропаганда өз риторикасын күрт өзгертті және ресейліктерді Батыс әлемінен төнетін барлық қауіп-қатерді жете түсінуге шақырды. Енді халықты әрбір ресейлік соңыс алаңында болуы керек екенін сендіруге тырысуда.

Фото: РФ Қорғаныс министрі әскерге шақыру жасын арттыру қажет деп санайды

Айта кетейік, Тигран Кеосаян бірінші дәрежедегі пропагандист емес.

Ресей Федерациясында Украинадағы соғысқа маңызды мәртебе беретін және оны «отан алдындағы қасиетті соғыс» деп атайтын Владимир Соловьев сынды «белді» тұлғалар бар.

Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев та РФ-ның соғыста қол жеткізілуі тиіс «қасиетті» мақсаттары барын мәлімдеген.

Добавить комментарий