Ресейдегі танымал блогер Анастасия Ивлеева ұйымдастырған «жалаңаштар кеші» ресейліктердің шамына тиді. Олардың пікірінше, соғыс қимылдары қызу жүріп жатқанда мұндай іс-шараларды өткізу орынсыз. Сонымен қатар, жалпы іс-шараның және атап айтқанда, жұлдыздардың әрекеті азғындық екені атап өтілуде.
Осылайша, соңғы апталардың ішінде Ивлеева, сондай-ақ осы іс-шараға шақырылған бірқатар жұлдыздар ресейліктердің басты жауы болды. Ресей жұртшылығы бұған ашулы. Сарапшылардың айтуынша, Ресей президенті Путиннің қоғамдық іс-шараларға қатысып жүргеніне ешкім назар аудармаған секілді.
Олардың пікірінше, бұған насихаттың сапалы жұмысы ықпал етті, олар халықтың назарын елдегі резонанстық оқиғаларға бұрған.
Батыстық саясаттанушылар 1999 жылдың қарсаңында, Путиннің ел президентінің міндетін атқарушы қызметіне тағайындалуынан алты күн бұрын Кремльдің басқа да жоғары лауазымды шенеуніктерімен бірге Петербургтегі «Луна» түнгі клубына келгенін еске салды. Клубтағы бишілердің біріне қолтаңбасын қалдырып, «Луна» клубына «Жаңа мыңжылдықта бақыт» тілеп, қолтаңбасын қалдырған. Оның қолтаңбасы бейнеленген тақтайша клубта ілініп тұр.
Сол кезде кескілескен екінші шешен соғысы жүріп жатқан еді. Ресей әскерлері Грозный қаласын қоршап алған. Ресми мәліметтер бойынша, Шешенстандағы соғыстар кезінде кемінде 7000 ресейлік әскери қызметші мен ІІМ қызметкерлері қаза тапты.
«Луна» клубы 1994 жылы салынған. Сол кезде Путин Санкт-Петербург үкіметі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған еді. Бизнесмен Максим Фрейдзон сол кезде «Луна» клубында Путинмен кемінде үш рет кездескенін айтты.
Ол МҚК офицері болған кезде Германияда осы секілді мекемелерге барып тұрған. Бұл туралы оның 2000 жылы жарық көрген «От первого лица. Разговоры с Владимиром Путиным» атты кітабында былай делінген: «Бір күні біз Гамбургте достарымызбен эротикалық шоуға бардық. Оны эротикалық деп атауға болмас еді, бәлкім, одан да жақсысы болар. Бірақ әйелдерімізбен бірге болдық! Олар мені көндіре бастады: «Қанекей, бізді осындай бір мекемеге апар…». Олар алғаш рет шетелде болған. «Керек емес, қайтесіңдер?» — «Керек, керек, біз қалап тұрмыз, кішткентай емеспіз ғой!» — «Жарайды, қаласаңдар болды». Келіп, үстелге отырдық. Басталды. Афроамерикандық солистер шықты: [қара нәсілді ер адам] ірі денелі, бойы екі метр және [қара нәсілді әйел], кішкентай қыз. Олар музыканың әуенімен асықпай шешіне бастады».
2022 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербургте ТМД елдері басшыларының бейресми саммиті өтті. Оған Путиннен басқа Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Беларусь президенттері қатысты. Батыс елдерінің басылымдары хабарлағандай, Сенат алаңындағы Президент кітапханасында өткен кездесуден кейін президенттерді автобусқа отырып, «Ленинград-орталық» ойын-сауық орталығына барған. Сол кезде онда «Түн ортасына дейін» — «ересектерге арналған ең батыл жаңа жылдық қойылым» атты кабаре шоу-бағдарламасы ұйымдастырылды.
2023 жылы 26 желтоқсанда Филипп Киркоров «жалаңаштар кешіне» қатысқаны үшін халықтан кешірім сұраған еді, сол күні Санкт-Петербургте ТМД басшыларының кезекті бейресми саммиті өтті. Бұл жолы оның бағдарламасында «Ленинград-орталық» болған жоқ. Оның орнына қонақтарға Ленинград облысындағы патша үйлеріне экскурсия ұйымдастырылды. Бағдарламада виолончельші Сергей Ролдугин өнер көрсетті.
Стриптиз, кабаре Ивлеева ұйымдастырған кештен ерекшеленеді, бірақ бұл іс-шараларға шақырылған қонақтардың деңгейі де әртүрлі. Көршілес егеменді мемлекетке қарсы Екінші дүниежүзілік соғыстан бері ең ауқымды соғысты бастаған ел Президенті елде жемқорлық жайлап, экономикасы құрдымға кетейін деп тұрғанда, ал соғыс алаңына бірнеше рет жүз мыңдаған отандастарын өлім ауызына жіберіп, өзі стриптиз-шоуды тамашалап жүр. Бұл өздерін жартылай жалаңаштап жабық іс-шараға қатысқан әртістерге қарағанда, қоғамдық резонанс пен наразылық тудыратын жайт.