Ресейліктердің 66%-ы еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын алмауда: оның себебі неде?
«Росгосстрах» СК мен «Зарплата.ру» зерттеу орталығы жүргізген сауалнаманың нәтижесі көрсеткендей, ресейліктердің 66%-ы ауырғанда еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын алмауда. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 7 пунктке өсіп, әртүрлі сұрақ тудырып отыр. Неліктен көптеген адам еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын алудан бас тартады?
Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, әрбір төртінші жұмысшы (24%) ауырып тұрғанына қарамастан жұмысқа барады, ал 9%-ы қашықтықтан жұмыс режиміне көшуде. Ауырып қалған кезде қашықтықтан жұмыс істеу қаржы саласының қызметкерлері, маркетологтар, топ-менеджерлер және IT-мамандар арасында кеңінен таралған.
Бұған не себеп болып отыр? Ресейліктер төмендегідей негізгі себептерді келтіруде:
Үйде бңрнеше күн ішінде жазылып кетемін деп есептейді — 46%
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын алу қаржылық тұрғыдан тиімсіз — 20%
Орнына шығатын басқа жұмысшы жоқ, сондықтан жұмысқа ауырып тұрса да жұмысқа барады — 19%
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын алудың мәні жоқ, өйткені бәрібір жұмыс істеуге тура келеді — 9%
Компанияда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілмейді — 6%
Респонденттердің жартысы (51%) олардың компаниялары ауырып қалған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағын алуға кеңес беретінін, ал 27% ұйымдарда ауырып қалған жағдайда қашықтықтан жұмыс режиміне көшуді сұрайды. Респонденттердің тағы 16%-ы жұмыс берушілер еңбекке уақытша жарамсыздық парағын бермейтінін мойындады.
Соңғы жылы ресейліктердің 49%-ы бір рет, 41%-ы екі рет, ал 10%-ы үш және одан да көп рет еңбекке уақытша жарамсыздық парағын алған. Көбісі 5-10 күн(60%), 28% — үш-бес күн және 12% — 10 күннен астам емделу үшін жұмысқа бармайды.