Ресейліктер соғысқа бейімделуде

Ресей халқы Ресей президенті Владимир Путин Украинада арнайы әскери операция өткізетінін жариялағаннан кейін елдегі жағдай қалай өзгергенін байқамаған секілді.

Еуропада Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ауқымды соғыс қимылдары жүріп жатыр, оның барысында көптеген ресейлік сарбаздар жер жастанды.

Британия барлауқызметінің соңғы мәліметтері бойынша, қаза тапқан және ауыр жарақат алған РФ армиясының шығыны 190 мыңға жетеді. Украина кең ауқымды соғыс қимылдары басталғалы 21 ай ішінде 300 мыңнан астам ресейлік сарбаз қаза тапқанын мәлімдеді. «Бұл көрсеткіш көптеген бейбіт ресейліктер үшін нені білдіреді? Іс жүзінде ешнәрсе білдірмейді.

Ресейліктер соғыс алаңындағы жағдай туралы ақпаратты шын қабылдамауда. Оның үстіне мұндай өте көп шығынды Ресей басшылығы емес, Ресей халқының жаулары — Украина мен батыс мемлекеттері жариялап отыр.

РФ қолбасшылығының мәлімдемесіне сәйкес, армия қатарында ешқандай шығын болмаған. Сондай-ақ, ресейліктер үшін олардың қалаларына жасалып жатқан шабуыл қалыпты жағдайға айналды. Тіпті Ресей астанасы Мәскеуге ҰҰА шабуылы да үйреншікті болып қалды.

Кезекті шабуыл — бұл БАҚ-та айтылған бірнеше мақала ғана. Өз кезегінде РФ-ның жоғары лауазымды шенділері бұл оқиғаларды елемегендей түсініктеме беруден бас тартқанды жөн көріп отыр. «Ресейдегі ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар шабуылына Путин режимі кінәлі екенін ескеру керек. Еске сала кетейік, әуел баста Путин ресейліктерге Украина Қырымға шабуыл жасайтын болса, қарымта жауап болады деп мәлімдеген болатын. Ал УҚК РФ-ның әскери базалары мен аэдромдарына шабуыл жасап жатыр, бірақ Кремль мұны байқамайтын кейіп танытуда», — деп мәлімдейді саясаттанушылар.

Ресей халқы үшін Ресей билігінің санкция жағдайында тағы 10 жыл өмір сүруге дайын деген мәлімдемесі немесе үкіметтің соғысты тоқтатудың орнына соғысқа жұмсалатын шығынды арттыру туралы шешімі қалыпты жағдай болып отыр.

«Ресейліктерді соғысқа қалай бейімдеп жатқанына көптеген мысал келтірсек болады. Ресей халқының соғысқа бейімделуі қазіргі биліктің басқару мерзімін ұзарту үшін жасалып отыр. Путин кем дегенде алты жылға ел президенті болып қалғысы келеді. Егер ол осы қанды соғысты жеңбесе, онда ол қоғамға ұмыттыру үшін немесе кем дегенде наурыз айында өтетіт президенттік сайлауға дейін ара-тұра еске салып тұрмақ», — деп есептейді батыстық саясаттанушылар.

Добавить комментарий