Ресейліктер Қазақстаннан кетіп жатыр

Қазақстанның ішкі істер министрлігі Қазақстанға елге келген ресейліктердің басым бөлігі кеткенін хабарлады.

Қазақстанға 200 мыңнан аса ресейлік келді, деді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

«Қазақстанға 200 мыңнан аса Ресей азаматы келді. Бүгінде елден 147 мың адам кетті», — деді ІІМ басшысы үкімет аясында журналистердің сауалдарына жауап бере отырып.

ІІМ басшысының мәліметі бойынша, 21 қыркүйектен бастап Қазақстанға келген 70 мың ресейлік жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алған.

Ахметжанов Ресей азаматтарының кіруіне ешқандай шектеу қойылмайтынын айтты.

«Мобилизация туралы алғаш жарияланғанда (Ресейдегі ішінара мобилизация туралы) кептеліс болды. Кешеден бері тынышталды. Мәселен, кеше Ресей Федерациясының 7 мыңнан астам азаматы кірсе, 11 мыңға жуық азамат басқа елге кетті. Келгендер кетіп жатыр. Барлығы көші-қон бақылауында», — деді ол.

Добавить комментарий