27 қыркүйекте өткен брифингте ол шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін алу үшін төлқұжаттың түпнұсқасы ғана қажет екенін атап өтті. Дайындау мерзімі — бір жұмыс күні.
«Бейрезиденттерге ЖСН беру еңбек шарттарын жасау, қызмет көрсету үшін қаражат алу, әкімшілік жауапкершілікке тарту, салық есептілігін жасау, түрлі банк операцияларын жүргізу мақсатында талап етіледі», — деді Әсет Тұрысов.
Жыл басынан бері ХҚКО-ға резидент еместерге ЖСН беруге 320 мыңнан астам өтініш қабылданды, оның ішінде 97 мыңы Ресей азаматтарынан түсті.
«Кеше ғана осындай 13 мыңнан астам өтінішті қабылдадық. Бірақ ортақ түсінік бар екенін атап өткім келеді. Қазақстан азаматтары басымдық беріледі», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.
Қазір барлық ХҚКО штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.