Ресейлік ЖӘК: батыстық саясаттанушылардың пікірі

Соғыс басталғалы бері әлемдік қауымдастық Ресей әскері Украина аумағында қисынсыз әрекет еткенін байқады, деп жазады батыстық саяси технологтар. Олардың Украина жеріндегі алғашқы жетістіктері Ресей әскерінің саны бойынша басымдыққа ие болуымен және бір мезгілде  түрлі бағытта шабуыл жасауымен байланысты болды.

«Шын мәнінде Ресейдің әскерилер қисынсыз әрекет етті. Ресей армиясы жауынгерлік іс-қимылдарының нашар болуы бірқатар себептерге байланысты: біліксіз қолбасшылық, нашар барлау, шабуылдау операцияларын жүрігзу алмауы, себебі РФ армиясында шенге қатаң қарайды (кіші офицерлер ұрыс алаңында дербес шешім қабылдай алмайды, ал көптеген жағдайларда олар аға офицерлердің бұйрықтарын күтуіне тура келеді) және т.б. Жоғарыда аталған Ресей армиясының проблемалары ұрыс алаңында бұрын-соңды болмаған шығындар мен басымдықты уысынан шығарып алуына алып келді. «Вагнер» жеке әскери компаниясының қожайыны ресейлік кәсіпкер Евгений Пригожин өзінің жауынгерлері тұрақты ресейлік әскерлерден қарағанда қаһарлы екенін айта бастады», — деп жазады украиналық саяси технологтар.

Фото: Батыстық саясаттанушылар Ресейде жаңа жеке әскери компания құрылуына байланысты пікір білдірді

«Вагнер» ЖӘК соғыс алаңының белгілі бір учаскелерінде жетістіктерге жетті. «Бірақ бұл «жетістіктерге» қол жеткізу өте көп адам шығындары болды, оған Пригожин мен ресейлік пропагандисттер да аса назар аудармады. Соңғы ақпарат бойынша, Ресейдің қорғаныс министрлігі Евгений Пригожин сияқты жеке әскери компания құруды ұйғарды», — делінген батыс БАҚ-та.

Аталып өткендей, РФ Қорғаныс министрлігі «Ардагер» ЖӘК құратынын жариялады. Бұл әскери құрылым туралы мағлұмат аз. Мәселен, «Ардагер» Бахмут қапталында әрекет ететін Ресей ҚМ «Редут» ЖӘК құрамына кіреді. Бахмутта кескілескен ұрыс қимылдары жүріп жатқан аумақтардың бірі.

Дәл осы Бахмут қапталында Украинаның Қарулы Күштері сәтті қарымта шабуыл жүргізуде.

Фото: Батыстық саясаттанушылар Ресейде жаңа жеке әскери компания құрылуына байланысты пікір білдірді

«Кремльдің «Ардагер» ЖӘК құруы Путин режимі үшін ресейліктердің ресурс екенін көрсетті, оның көмегімен РФ үкіметі соғыс алаңындағы жағдайын жақсартпақ Путин режимі үшін аталған ресурстың қандай көлемде жұмсалатыны маңызды емес. Қазіргі таңда Украина тарапының бағалауына сәйкес, Ресей армиясы 205 000-нан астам адамынан айырылды. Путинді шығындар алаңдатып отырған жоқ, ол Украинаның қарымта шабуылын тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тайынбайды», — дейді украиналық саясаттанушылар.

Добавить комментарий