Ресейлік әскерлер Херсонды тастап шығып жатыр

РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу бүгін Ресей әскерлерін кері шегінуге бұйрық берді. Арнайы операция өткізіліп жатқан аудандағы әскерлердің біріккен тобының қолбасшысы Сергей Суровикин оған осындай ұсыныс жасады.

Ол Днепр өзенінің бойында қорғану орынды екенін хабарлады.

«Әскерді шығаруға кірісіңдер», — деп бұйырды Шойгу.

Суровикин өз кезегінде әскерлердің маневрі жақын арада жүзеге асырылатынын, құрамалар Днепрдің сол жағалауында дайындалған қорғаныс шебінде орналасатынын атап өтті.

 

Добавить комментарий