Қазақстандағы Павлодар қаласының жергілікті билігі 7 сәуірде 23 көшенің атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Павлодар қалалық кеңесі кеңестік және ресейлік тарихи атаулардан бас тартып, көшелерге басқа да атау беруді шешті.
Қазақстандықтар екі тарапқа бөлінді, біреуі бұған қарсы болса, ал басқалары көше атауын өзгерту керек деп есептейді.
Мемлекеттік думаның депутаты, ресейлік саясаткер Владимир Жириновский жергілікті билік органдарының шешімін сынға алды. Ол қала билігінің Павлодардағы көше атауларын орысшадан қазақшаға ауыстыру туралы шешіміне шүйлікті. Депутат көшелер тарихи атауға ие екенін атап өтіп, үш жүз жыл бұрын Петр бірінші қаланың негізін қалағанын баса айтты және орыс әлемі қалпына келеді дегенге үміт білдірді.
Батыс саясаттанушылары мұндай мәлімдеме Ресейдің империялық амбициясының көрінісі және биліктің Қазақстан үкіметін сынға алу әрекеті деп санайды.
Қазақстан ұлттық идеологияға бет бұрып, елдің дамуы үшін саналы түрде Ресей мен Кеңес Одағының ықпалын еске салатындардың бәрін жоймақ. Бұған көше мен қала атауын өзгерту, латын әліпбиін енгізу, сыртқы көпвекторлық саясат кіреді. Бұл әрекеттердің барлығы ұлттық мүддесін қанағаттандыруға бағытталған.
Осылайша ресейлік саясаткерлер мен журналистер өздерінің мәлімдемелерімен бірқатар мәселеге алаңдаушылық тудырады. Былтыр 10 желтоқсанда ресейлік бағдарламада Қазақстанның үлкен территориясы Кеңес Одағының сыйлығы деген Вячеслав Никоновты мәлімдемесін жоғарыда аталғандарға жатқызуға болады. Кейін Никоновтың мәлімдемесіне Мемлекеттік думаның тағы бір депутаты Евгений Федоров қолдау білдірді. Осы мәлімделер қазақстандық ұлтшыл азаматтардың намысына тиді.