Еуроодақ ЛДХР, Запорожье және Херсон облыстарында өткізілген ресейлік референдумдарды ұйымдастырушыларға қарсы санкция салмақ.
Бұл туралы сейсенбі күні журналистерге арналған брифингте Еуропалық комиссияның өкілі Петер Стано мәлімдеді.
ЕО сыртқы саяси қызметінің жоғары лауазымды шенеунігі Люк Девинь Ресейге қарсы санкциялар пакетіне «аталған «референдумдарға» қатысты соңғы шараларға қатысы бар тұлғалар» енгізілетінін жеке мәлімдеді.
Заңсыз дауыс беруде «халықаралық бақылаушылар» рөлін атқарған Еуроодақ мемлекеттерінің азаматтары да кіруі ілігуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік! ЕО қазір Украинаның басып алынған аумақтарында жүргізілген псевдореферендумдар үшін Ресейге қарсы санкциялардың жаңа сегізінші пакетін талқылауда.
Президент Владимир Зеленский сейсенбі күні Франция СІМ басшысы Катрин Колоннамен кездесуден кейін Украинаның халықаралық серіктестері «референдумдарға» қатысты реакциясы барынша қатаң болатынын мәлімдеді.