Ресейлік олигарх санкцияларды айналып өтіп, Қазақстан арқылы бизнес-джет сатып алғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды

Қазақстанның Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің хабарламасына сәйкес, ресейлік олигарх Олег Дерипаска санкцияларды айналып өтіп Irtysh Air авиакомпаниясынан Falcon 7X бизнес-джетін сатып алғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Комитеттің баспасөз қызметі атап өткендей, әуе кемелерінің бұл түрі бұрын ешқашан Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде болмаған. Irtysh air әуе компаниясының қазіргі уақытта азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының қолданыстағы сертификаты жоқ және 10 жылға жуық ұшуды орындамаған. Әуе компаниясы бұрын әуе кемесінің бұл түрін ешқашан пайдаланбаған.

Олег Дерипасканың Irtysh Air компаниясынан Falcon 7X бизнес-джетін 36 миллион долларға сатып алғаны туралы кейбір БАҚ-тарда таратылған ақпаратты комитеттің ресми мәлімдемемен жоққа шығарды.

Добавить комментарий