Ресейлік оқушы 18 миллион рубль көлемінде алаяқтық жасады

17 жасар жасөспірім көк тиыны болмаса да Мәскеудің солтүстік-шығысынан пәтер сатып алып, өз атына тіркеп, баспананы сатуға қойды. Тек соңғы сәтте ғана оның әшкереленіп, ұсталды.

Басылымға мәлім болғандай, жақында ғана құрылыс салушы компаниялардың бірінің заңгері полицияға жүгінген. Қызметкері 24 наурызда онлайн интернет арқылы Сельскохозяйственная көшесіндегі 18 миллион рубльге пәтер сатып алынғанын түсіндірді. Сатып алушы 17 жастағы Мәскеу тұрғыны болды. Менеджер кәмелетке толмаған баланың ата-анасының мәмілеге келісім беруін сұрады, артынша электрондық поштаға қорғаншылық органынан ата-анасына хабардар етпей әрекет ету болатыны туралы келісім келді (кейін құжаттың жалған екенін анықталды). Артынан клиентке танысып өтуі үшін сатып алу-сату жөнінде шарты жіберіліп, қол қойылғаны расталды. Көп ұзамай компания пәтерге төлем жасалғаны туралы Питер банкінен түбіртек алды (бұл төлем де жалған болып шықты). Электрондық қолтаңбаны растау үшін клиенттің мекен-жайына курьер жіберілді. Мәмілені электрондық қолтаңбамен бекітіп, тіркеді. Сөйтіп пәтер жасөспірімнің меншігі болды.

Алайда кейіннен компания шотта қаражат жоқ екенін анықтады. Бұған жас сатып алушы төлемді өзі қайтарып алғанын және жаңа төлем жіберетінін айтты. Сондай-ақ ол пәтерге орналаса алмай отырғанына шағымданды. Компания қызметкерлері ақша шотқа түссе ғана, қоныс тойын тойлай алатынын айтты.

Пәтерге орналаса алмай отырғанын айтып, жас жігіт қулық жасамақ болған. Санаулы күндердің ішінде ол есікті бұзып, құлыпты ауыстырып, пәтерді сатуға қойды! Сондай-ақ, ол пәтерді жеміс-жидек және көкөністі көтерме саудада сататын компанияға тіркеген. Жасөспірім әшкере болмау үшін ешкімге хабар бермей, тегін ауыстырған.

ҚК-нің «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Басылымның мәліметінше, жасөспірім экономикалық колледжде оқиды. Оның ата-анасы көп жыл бұрын ажырасқан. Әкесі, мамандығы бойынша инженер, ғылыми институттарда жұмыс ісейді, анасы — кішігірім бизнесвумен бірге жылжымайтын мүлік, киім-кешек сатады.

Туыстары жас алаяқты «ақылын дұрыс жолда қолданбайтындардың» бірі деп санайды. Ол жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер туралы анасынан естіп, ал төлемдерді графикалық бағдарламалар арқылы жачаған болуы мүмкін. Алайда, жас жеткіншек өзін кінәлі деп есептемейді, электрондық құжат айналымы жүйесінің дәрменсіз деп отыр. Аты-жөнін ауыстыруға қатысты ол бұрыннан оны өзгерткісі келгенін айтты.

Добавить комментарий