Ресейлік олигархтар АҚШ пен Еуропаның санкциясына ұшырады, ал миллиардер Сергей Науменко Англия мен Уэльстің Жоғарғы сотында супер-яхтасыг қайтарып алмақ.
Ресейлік миллиардер Сергей Науменко Англия мен Уэльстің Жоғарғы сотына құны 43,5 миллион еуро болатын Phi супер-яхтасын тұтқындаудан шығаруды талап етіп, шығындарды өтеуге шағым түсірді. 2022 жылғы наурызда Ұлыбритания көлік министрі кемені дәлелсіз тұтқындаған. Кеме Лондонда World Superyacht Awards супер-яхта байқауына қатысу үшін тұрған. Ресейлік БАҚ мобильді операторлармен байланысы бар деп отырға Науменко Британияның санкциясына ілікпеген. Сот тыңдаулары шілде айында өтеді деп күтілуде. АҚШ пен Еуропа ресейлік олигархтарға тиесілі ондаған суперяхтаны тұтқындады. Былтыр Гибралтарда өткен аукционда ресейлік олигарх Дмитрий Пумпянскийдің тұтқындалған Axioma яхтасы 37,5 миллион долларға сатылған.