Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасының спикері Владимир Жириновскийдің қайтыс болғанын естіртті. Парламент отырысында бір минут үнсіздікпен еске алды.
«Ауыр және ұзаққа созылған аурудан кейін Владимир Вольфович Жириновский өмірден озды», — деп жазды РФ МД спикері Вячеслав Володин Telegram-да.
Партияның баспасөз қызметі Жириновскийдің қайтыс болғанын растады.
2021 жылы 75 жасқа толған Владимир Жириновский ақпан айының басында коронавирус жұқтырып, Орталық клиникалық ауруханаға жатқызылды. ЛДПР саясаткердің ауыр халде жатқаны туралы барлық хабарламаларды жоққа шығарды, ал 21 ақпанда оның жағдайы жақсарып келе жатқанын мәлімдеді.