ҚР-ның Тұңғыш Президенті Назарбаев кеше Путинмен өткен кездесуде коронавирус жұқтырғанда өзін ресейлік дәрігерлер емдегенін айтты.
Ол коронавирустық инфекция індеті өршіп тұрған кезде Ресей тарапы Қазақстанға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.
Ол сырқаттанған кезде ресейлік дәрігерлер тобы 10 күн бойы жанында болып, медициналық көмек көрсеткенін, бұл оның сауығуына шешуші рөл атқарғанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік! 2020 жылы 18 маусымда Назарбаев коронавирус жұқтырған. 2 шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев COVID-19-дан жазылды. Осы жылдың маусым айында ол «Спутник V» вакцинасын салдырды.
Назарбаев құндылықтар өзгеретін жасқа жеткенін айтып, президент Путинге саулық тіледі.