Ресейдің ақпараттық шабуылдары: батыс сарапшыларының пікірі

Украинадағы соғыс ресейлік әскери-саяси басшылықтың сценарийі бойынша жүрмей жатыр, деп мәлімдеді украиналық саяси технологтар.

«Кремль осы мәнсіз соғыста сәтсіздікке ұшырап жатыр, — деп жазады олар. Ресей президенті Владимир Путинге ресейліктерге көрсету үшін кез келген жеңіс қажет. Соңғы 2 аптада соғыс алаңының кейбір учаскелерінде ұрыс қарқыны айтарлықтай артты. Бастамашы — Ресей армиясы. Өз кезегінде Украинаның Қарулы Күштері күн сайын басқыншылар тарапынан ондаған шабуылдарға тойтарыс беріп, күресуге мәжбүр.

Бірақ Ресей басқыншыларының белсенділігіне қарамастан, олар Украина қорғанысын бұза алмай отыр. Бұл ретте олар орасан зор шығынға ұшырап жатыр».

Фото: Батыстық сарапшылар Ресейдің Украинадағы соғысқа қатысты қандай ақпараттық операциялар жүргізіп жатқанын мәлімдеді

Өз кезегінде батыс және украин саясаткерлері мен сарапшылары Украина көктемде қарымта шабуылға шығу үшін қарқынды дайындалып жатқанын айтады.

«УҚК-ның ықтимал қарымта шабуылы Кремльді түрлі ақпараттық операцияларға баруға мәжбүрледі, оның мақсаты Украинаға қару-жарақ беруде Батысты тежеу және бәсеңдету, сондай-ақ ресейліктердің назарын РФ әскерінің сәтсіздіктерінен және алға қойған мақсаттардың бірде-біріне қол жеткізілмеуіне байланысты басқа жаққа аудару болып табылады», — дейді саяси технологиялар саласындағы батыстық мамандар.

Мамандар бірқатар ресейлік басылымдар жариялап жатқан негізгі тезистерді атап өтті. Төменде батыстық сарапшылардың пікірінше, ресейлік БАҚ-тың күн тәртібіндегі тезистер келтірілген.

«Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Украина Приднестровьеге басып кіруге дайындалды деп айыптады. Аталған мәлімдеме 23 ақпанда жасалды. Бірнеше күн өткен соң (27 ақпан) Кремль Приднестровье аймағындағы шиеленіс қаупі барын тағы да мәлімдеді, ал Ресей президентінің спикері Дмитрий Песков бұл жағдайды «алаңдаушылыққа себеп» деп атады. Сондай-ақ, РФ СІМ баспасөз хатшысы Мария Захарова 1 наурызда Украина «радиоактивті материалдарды пайдалана отырып» Приднестровье маңында арандатпақ екенін мәлімдеді. Айта кету керек, Молдова билігі Ресейдің Украина арандатушылық жасап жатыр деген мәлімдемесін ресми түрде жоққа шығарды.

Ресей Қорғаныс министрлігі Америка Құрама Штаттары Украинада уытты заттарды пайдалана отырып, арандатушылық жасап жатқанын мәлімдеді.

Владимир Путин Украина бойынша келіссөздерге ашық. Бұл туралы 28 ақпанда Дмитрий Песков мәлімдеді. Осылайша, Кремль батыс шенеуніктерін ресейлік тарапқа сендіріп, Киевті келіссөздер үстеліне отырғызғанын қалайды. Мәскеу бұған дейін де мұндай мәлімдемелер жасаған болатын. Осылайша, Батыс УҚК-ға қарымта шабуыл үшін қажетті танктер мен басқа да ауыр қару-жарақ жеткізуде тежеп және кідіртуі мүмкін.

Кремль Беларусь президенті Александр Лукашенконың пікірін белсенді алға тартуда. Лукашенконың айтуынша, Батыс пен АҚШ Киевтің Мәскеумен бейбіт келіссөздерді бастауына келіспейді, ал РФ мұндай келіссөздерді жүргізуге түбегейлі ашық. Айта кету керек, Лукашенко Қытайдың бейбіт жоспарын қолдады, ал аталмыш жоспарды халықаралық қауымдастық қабылдамады, себебі ұрыс қимылдарын тоқтату бойынша ешқандай жаңа бастама жасалмаған. Оның үстіне Қытай Владимир Путиннің ұстанымына қолдау көрсетіп отыр.

Бәлкім, бұл Ресей тарапынан жасалған соңғы ақпараттық «шабуыл» емес. Ресей әскерінің шабуылы азайып, Украина Қарулы Күштерінің қарымта шабуылдары қарқын ала бастағанда артуы мүмкін», — деп жазады батыстық сарапшылар.

Добавить комментарий