Ресейге жасалған шабуылдар: Сарапшылар қалыптасқан жағдайға қатысты түсініктеме берді

Ресейге ұшқышсыз ұшақтармен жасалатын шабуылдар, сондай-ақ әскери және басқа да нысандарда жарылыстар жиілеп кетті. Мәселен, Краснодар өлкесіндегі Афипск және Ильск МӨЗ-деріне ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасалды. Мұндай жағдайлар өте жиі орын алуда. 2 маусым күні таңертең Украинамен шектесетін Ресейдегі бес аймақтың билігі түнде атыс болғанын және шабуыл жасалғанын хабарлады. Сондай-ақ мұндай оқиғалар Украинамен шекаралас Ресей облыстарында ғана емес, тіпті РФ астанасында да орын ала бастағанын байқаған боларсыздар.

Жоғарыда аталған мысалдардан бөлек, Украина тарапынан басқа сипаттағы шабуылдар жасалып жатыр. Әңгіме түрлі әскери құралымдардың Ресей аумағына баса көктеп кіргені туралы болып отыр. Мәселен, Ресей шекарасын бірнеше рет «Орыс еріктілер корпусы» мен «Азат Ресей» легионы секілді құрылымдар кесіп өтіп, Белгород облысының аумағына еш қиындықсыз кірді. Айта кетейік, аталмыш бөлімшелер Украина жағында соғысып жатқан ресейліктерден құралған.

Сондай-ақ, БАҚ беттерінде ресейлік «Иван Хурс» барлау кемесіне украиналық жауынгерлік дрон шабуыл жасағаны туралы ақпарат жарияланды. «Иван Хурс» — Ресей флотының заманауи және сирек кездесетін кемелерінің бірі. Айта кетерлігі, шабуыл Украина жағалауынан кем дегенде 400 шақырым қашықтықта жасалған.

Фото: БАҚ беттерінде ресейлік «Иван Хурс» барлау кемесіне украиналық жауынгерлік дрон шабуыл жасағаны туралы ақпарат жарияланды

Украина ұшқышсыз ұшақтар арқылы Ресей аумағы мен барлау кемелеріне шабуыл жасап, сондай-ақ РФ аумағына диверсиялық-барлау топтарын жіберу арқылы нені көздеп отыр? Украиналық саяси технологтар бұл сұраққа былай деп жауап берді:

«Біріншіден, Киев күллі әлемге және ресейліктерге Ресей армиясы мен Путин режимінің дәрменсіз екенін көрсетуде. Ресей үкіметі мақтап, ел азаматтарын 100% қорғайтын әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі, тәжірибе көрсеткендей, айыз толтырып айтқандай тиімді болмай шықты. РФ шекарасы да жақсы қорғалмаған болып шықты. Қара теңіз флотының кемелері Украина жағалауынан бірнеше жүз шақырым қашықтықта тұрғанына қарамастан, шабуылға ұшырады. Шамамен 6 айдай бұрын Путин Украинаға осындай шабуыл жасағаны үшін дереу жауап беремін деп қорқытатын, ал қазір ешқандай пікір білдірмеуде. Путин Мәскеуге дрондармен жаппай шабуыл жасалғаннан кейін кейін ғана бір реті пікір білдірді, болды.

Фото: БАҚ беттерінде ресейлік «Иван Хурс» барлау кемесіне украиналық жауынгерлік дрон шабуыл жасағаны туралы ақпарат жарияланды

Екіншіден, Украинаның әскери-саяси басшылығы осындай шабуылдар арқылы Ресей қолбасшылығын дүрбелеңге салдырмақ. Мұндағы мақсат – Ресейдің әскери қолбасшылығына тез арада шешуді қажет ететін көптеген қиындықтар туғызу. Бұл өз кезегінде ресурстарды дұрыс пайдаланбауға алып келетіні сөзсіз. Осылайша Украина РФ-ның жоғары қолбасшылығы қате шешім қабылдауға итермелеуде, бұл Украина армиясына ауқымды қарымта шабуылды сәтті жүргізуге ықпал етеді. Айта кету керек, Украинаның мұндай әрекеттері ірі шабуылдау операциялары алдында және барысында классикалық әскери тәжірибе болып табылады.

Үшіншіден, мұндай сипаттағы шабуылдар тек Украина әскерилерін ғана емес, бейбіт азаматтарды да ынталандырады.

Төртіншіден, Украина тарапынан жиілеп кеткен шабуылдар ресейліктердің билік басындағыларға наразылығы пен сенімсіздігінің артуына, сондай-ақ дүрбелеңнің туындауына себеп болуы мүмкін».

Добавить комментарий