Ресейге Қытаймен дос болу тиімді ме: сарапшылардың пікірі

Күллі өркениетті әлем Украинаны әскери және экономикалық тұрғыдан қолдап келеді, сондай-ақ РФ-ның бұл соғыста жеңілуі үшін үшін барын салып жатыр.
«РФ экономикасы қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Путин шарасыз күйде қалып отыр, оған соғысты барынша ұзаққа созып, жеңіске жетуге көмектесетін кез келген серіктес пен одақтас қажет», — деп есептейді батыстық сарапшылар.

Путин наурыз айында Ресейдің сыртқы саясатының негізгі бағыттарының жаңартылған тұжырымдамасын бекіту туралы жарлыққа қол қойды. Тұжырымдамадағы тезистердің бірі Қытаймен және Үндістанмен стратегиялық серіктестік болып табылады.

Фото: Қытайға шынымен де Ресей газы керек, бірақ Мәскеудің шартымен және олар ұсынған көлемде емес.

«Қытаймен дос болу қаншалықты тиімді? РФ-да БАҚ беттерінде соңғы айларда Мәскеудің Бейжіңмен сауда-саттық рекордтық көрсеткішке жеткенін бірнеше рет хабарлаған болатын. Бұл орайда Ресей сатып жатқан басты тауар — газ екенін айта кеткен жөн. Оның үстіне, Мәскеу соғыс салдарынан еуропалық нарықтан айырылды. Бейжің кең ауқымды соғыс басталмай тұрып та Мәскеуден газ сатып алып келген. Бірақ Қытай 2021 жылы Ресей сатқан құбыр газының небәрі 5 пайызын сатып алған. Мәселен, Германия РФ-дан барлық жеткізілімдердің 1⁄4 бөлігін (48,2 млрд текше метр) сатып алды, ал ЕО елдері жалпы алғанда ресейлік газдың 3/4 (140 млрд текше метрін) сатып алды. Сондықтан да Шығысқа жыл сайын Германияға жөнелтілетін газ көлемін жіберу үшін жалғыз «Сібір күші» газ құбырын бірнеше жыл бойы дамыту керек», — деп есептейді батыстық саясаттанушылар.

Ресейлік БАҚ хабарлауынша, Путин мен Си Цзиньпин «Сібір күші-2» деп аталатын тағы бір газ құбырын салу туралы келіскен. Бұған қатысты еуропалық мамандардың пікірі: «Біріншіден, оның өткізу қабілеті жылына 50 млрд текше метр газ болатынын ескеру керек, ал бұл бір ғана Германияға жеткізілетін көлем. Екіншіден, бұл жоба тек 2030 жылға дейін салынады.

Фото: Қытайға шынымен де Ресей газы керек, бірақ Мәскеудің шартымен және олар ұсынған көлемде емес.

Бұл ретте Қытай соғысқа дейін тек Ресейден ғана газ сатып алмаған. Бейжіңге газ жеткізушілер Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан және Мьянма болды. Мұндай жоғары бәсекелестік Мәскеуді Қытайға жақсы жеңілдіктер жасауға мәжбүрледі. Украинада кең ауқымды соғыс басталып, Батыстың Ресей газынан бас тартуы салдарынан Қытай бұдан да көп жеңілдік талап ете бастады.

Бұдан қандай қорытынды шығады. Қытайға шынымен де Ресей газы керек, бірақ Мәскеудің шартымен және олар ұсынған көлемде емес. Таяу жылдары Қытай РФ-ның еуропалық нарығын алмастыра алмайтыны анық. Мәскеу Бейжіңге сататын немесе беретін басқа да ресурстар, тауарлар мен қызметтер газбен байланысты қалыптасқан жағдай бойынша жүргізіліп жатыр. Жалпы, екі ел арасындағы ынтымақтастық Ресейге қарағанда Қытайға әлдеқайда тиімді».

РФ газ саясатының нәтижесінде Ресей бюджетінің 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы тапшылығы 2,58 трлн рубльді құрады, бұл бір жылдағы жоспарлы көрсеткішке 2,93 трлн рубль жақын, деп хабарлады экономика саласындағы мамандар.

Добавить комментарий