Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакеті жарияланды

Еурокомиссия (ЕК) төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақ Ресейге қарсы 10-шы санкциялар пакетін қабылдауға ниетті екенін мәлімдеді.

Бұл туралы 17 қаңтарда CNN телеарнасы хабарлады.

Ол атап өткендей, шектеу шараларының жаңа пакеті олқылықтарды жоюға, санкцияларды айналып өтуді тоқтатуға бағытталады.

Сонымен қатар, ЕК Еуроодақтың санкциясын айналып өткендерге салдары қандай болатынын айтты.

Дәл осы күні Урсула фон дер Ляйен Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда Ресей экономикасы санкциялардың арқасында құлдырайды деп үміттенетінін айтты.

16 қаңтарда хорватиялық саясаткер, ЕП-ның Ресеймен байланыс жөніндегі делегациясының қатысушысы Иван Вилибор Синчич «Известияға» Еуропарламент ақпан айында Ресей Федерациясына қарсы жаңа шаралар жобасын күтіп отырғанын мәлімдеді.

Өткен аптада Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияларlы былтырғы жылдың басындағы жылдамдықпен жалғастыру мүмкіндігіне күмән келтіретіні хабарланды.

24 ақпанда Донбассты қорғау жөніндегі арнайы операция аясында Батыс елдері Ресейге санкциялық қысымды күшейтті. Алайда бұл Еуропадағы экономикалық проблемаларға айналып, жанармай мен азық-түлік бағасының күрт өсуіне алып келді.

Добавить комментарий