Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін жариялады. Бұл туралы 2023 жылғы 9 мамыр, сейсенбі күні хабарланды. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен ЕО-ның Ресейге қарсы санкцияның 11-ші пакеті үш элементтен тұратынын айтты. Олардың бірі үшінші елдер арқылы Ресейге жеткізілетін тыйым салынған тауарлардың тізімін кеңейтуді көздейді.
Еуропалық тауарлар үшінші елдерден Ресейге жеткізілетін болса, Еурокомиссия мүше елдерге осы тауарлардың экспортына қарсы санкциялар салуды ұсынуы мүмкін.
Фон дер Ляйеннің айтуынша, «ерекше сауда ағындары» көбейді. Жаңа шектеу шаралары ықтимал қауіпті мұқият талдағаннан кейін және ЕО барлық мүше елдер мақұлдағаннан кейін өте сақтықпен қабылданады.
Еурокомиссия РФ президенті Владимир Путиннің әскери машинасының күл-талқанын шығарып, жетістікке жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. DPA агенттігінің Еуроодақтағы дереккөзінің айтуынша, Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатқан елдердің арасында Қазақстан, Армения және Біріккен Араб Әмірліктері бар.