Ресейдің Польшадағы шоттары кәмпескеленді: Елшіліктің хабарламасы

Ресейдің Польшадағы дипломатиялық өкілдіктерінің шоттары кәмпелескені хабарланды, Ресей елшілігі бұны дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясын өрескел бұзу деп атады.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Польша билігі ақшаны жылыстату немесе қаражатты терроризм мақсатында пайдалануы мүмкін деп қауіптеніп, олардың шоттарын бұғаттаған. Rzeczpospolita газетінің мәліметі бойынша, тәркіленген шотта 912 мың доллар мен 800 мың злот болды.

Ресей елшілігінің Варшавадағы шоттарының бұғатталуына жауап ретінде Мәскеу польшалық дипломатиялық өкілдігінің шоттарын бұаттады. Бұған дейін польшалық LOT әуе компаниясы ресейлік теннисшіні Варшава арқылы ұшатын рейске тіркеуден бас тартқан еді.

 

Добавить комментарий