Ресейде «жасырын мобилизацияның» географиясы кеңейіп барады

Украина барлау қызметі Ресей жасырын мобилизацияны жалғастырып жатқанын мәлімдеді, ол елдің орталық өңірлерінде жүргізіліп жатыр.

Ресей мен Украина арасында соғыс қимылдарының жүріп жатқанына алты айдан астам уақыт өтті. Ұрыс қимылдары айтарлықтай қарқынды жүріп жатыр. Ресей әскерилері үн сайын сарбаздары мен әскери техникасынан айырылып жатқанына қарамастан шабуыл жасауды тоқтатпауда. Ресей Федерациясының әскери қолбасшылығы Украина аумағындағы соғыс қимылдары басталғалы бері әскери шығындары туралы ресми түрде екі мәрте ғана хабарлаған. 2 наурызда РФ Қорғаныс министрлігі 498 адам қаза тауып, 1597 адам жарақат алғанын, 25 наурызда 1351 адам қаза тауып, 3825 адам жарақат алғанын мәлімдеді.

25 наурыздан кейін РФ әскери қолбасшылығы соғыс алаңындағы қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы хабарлаған жоқ. Мемлекеттік думаның қорғаныс жөніндегі комитетінің басшысы Андрей Картаполов Украинадағы соғыс қимылдары барысында Ресей әскерлері арасында «мүлдем шығын жоғын» мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған жауынгерлік іс-қимылды жүргізу тактикасын өзгертуі ықпал етті.

РФ-дағы жасырын мобилизацияның географиясы кеңейді, деп мәлімдейді Украина барлау қызметі

«Кремль соғыс шығындарын жасыруға тырысып жатыр, өйткені орасан зор шығындар РФ азаматтарының басым бөлігінің наразылығын тудыруы мүмкін. Ресейлік БАҚ ресми Мәскеуді «қайталап», Ресей армиясын жеңілмейтіндей етіп көрсетуде. Мәселен, 13 сәуірден бастап РФ флотының флагманы «Мәскеу» крейсеріне шабуыл жасалғаннан кейін, РФ қорғаныс министрлігі бесі теңізшінің қаза тапқанын енді ғана мойындады. Әуел баста шығындар мүлдем жоқ деп мәлімдеген. Әскери сарапшылардың бағалауынша, жағдай мүлдем басқаша — крейсер экипажының жартысы қаза тапты немесе жарақат алды», — деп жазады украиналық саясаттанушылар. Бұл ретте олар экипаждың жалпы құрамы 510 адам екенін мәлімдеуде.

«Кремльдің әскери шығындарға назар аудармауының маңызды факторы Путин режимінің нағыз этноцид ұйымдастыруы болды — соғыс алаңына РФ-ның ұлттық азшылық өкілдерін жіберді. Наразылық білдірмек болғандарды билік ақпараттық кеңістіктен шұғыл алып тастап отырады», — деп есептейді украиналық саясаттанушылар.

РФ-дағы жасырын мобилизацияның географиясы кеңейді, деп мәлімдейді Украина барлау қызметі

Украина барлау қызметі Мәскеудің ешқандай амалы қалмады деп мәлімдеді. Айтарлықтай шығындардың салдарынан Кремль режимі тіпті Мәскеу және Ленинград облыстарының тұрғындарын жаппай әскерге шақыру туралы шешім қабылдамақ. Енді «арнайы операция» Ресейдің ауқатты өңірлеріне де әсер етеді, оған мәскеуліктер мен питерліктердің көзқарасы қандай болады? Соғыс әрбір ресейліктің тікелей қатысушысы болатындай жағдайға жақындады.

«Бұл соғыстың қаншалықты аяусыз және мағынасыз екенін түсіну үшін Украинаның батыс серіктестері мен Украинаның өзі жариялаған сандарға көз жүгіртіп өтсе болады. Мәселе, Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллес Ресейдің жалпы шығыны 80 мыңнан астам адам екенін мәлімдеді. Украиналық тарап тек қырылғандардың саны күн сайын 50000 адамға жуықтап қалғанын мәлімдейді , — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

 

Добавить комментарий