Украиналық саясаттанушылар РФ президенті Владимир Путиннің «қанды соғыс» ашқанын кезекті рет мәлімдеп отыр. Олардың пікірінше, Ресей Федерациясында соғысқа және Путин режиміне қарсы жаппай наразылық бастала ма, егер басталса, қашан болады деген мәселе өткір болып тұр Бұл сұраққа жауап беру қиынға соғуда.
«Бір жағынан, Ресейде қалыптасқан эмоциялық жағдай бір деңгейде қалып қоймайды. Қалай болғанда да, ресейліктердің орын алып жатқан оқиғаларға эмоционалдық және психологиялық тұрғыдан шаршайды, ол ерте ме, кеш пе біліне бастайды. РФ-ның ресми сауалнама нәтижелеріне көз жүгіртетін болсақ, онда елде мұндай проблема жоқ сияқты көрінуі мүмкін, себебі онда жарты жыл бойы ресейліктердің орта есеппен 70 пайызы әлі де өз елдің Украинаға қарсы соғысын қолдайтынын көрсетеді», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.
Дегенмен, олардың пікірінше, бұл мүмкін емес. Келтірілген көрсеткіш жалған екені айдан анық.
«Бірақ бұған (ресейліктердің Кремльдің саяси бағытын қолдайтыны туралы статистикалық дерек) сенсе бола ма? Мәселен, егер әлеуметтік сауалнамаларды егжей-тегжейлі саралайтын болсақ, 45 жастан асқан ел тұрғындары жастарға қарағанда «арнайы операцияны» қолдайтыны анық болады, жастардың шамамен 50%-ы РФ-ның Украинаға басып кіруіне қарсы шығып отыр. Мәселен, теледидар көретіндердің арасында «арнайы операцияны» қолдайтындар саны теледидар көрмейтіндерге қарағанда әлдеқайда жоғары», — деп олар, ресейліктердің Путинді қаншалықты қолдайтынына қатысты өз деректерін келтіреді.
«Ресейдің медиа кеңістігінде қалған бұқаралық ақпарат құралдарына Роскомнадзор Украинада болып жатқан оқиғаларды соғыс деп атауға тыйым салды. Шын мәнінде, қазіргі таңда Украинадағы жағдайды негізінен Ресей үкіметіне тиімді етіп ақпарат беретін пропагандистік БАҚ жариялап отыр. Мұндай стратегияның басты минусы неде? Оның түк пайдасы жоқ. Шыныменде, бұл белгілі бір уақыт аралығында ел билігіне елде бәрі тыныш және тұрақты етіп көрсетуі мүмкін. Бірақ бір пәсте жағдай ушығып, азаматтардың жаппай наразылығына не себеп болғанын болжау мүмкін емес болып қалады», — деп хабарлайды саяси сарапшылар.
Олардың пікірінше, РФ-дағы жағдай ерте ме, кеш пе, Ресейде халық арасында жаппай наразылық тудырады.
Олар өз сөздерінің дәлелі ретінде былай деп пікір білдірді: «Біріншіден, соғыс қимылдары Ресей Федерациясының ауқатты өңірлеріне» әсер ете бастады. Украинаның Мәскеу және Ленинград облыстарындағы барлау қызметі хабарлағандай, ел билігі «жасырын мобилизация» жүргізіп жатыр.
Екіншіден, «арнайы операция» 6 айдан астам уақытқа созылды, ал Ресей армиясы алға қойған мақсаттарының ешқайсысына қол жеткізбеді. Осылайша, Ресей халқы Путин өз амбициясын қанағаттандыру үшін ресейліктердің әл-ауқатын құрбан етіп, жеңілгенін түсіне бастаған сыңайлы. Санкциялар біртіндеп әсер ете бастады. РФ-да халықтың күнкөріс деңгейі төмендеп барады — баға өсіп, жалақы төмендеуде және т.б.
Үшіншіден, Ресей билігінің кейбір өкілдері РФ президентінің қазіргі бағытын қолдамайтынын ашық айтып отыр. Мәселен, депутат Дмитрий Палюга Путиннің қабылдаған шешімдері Ресейге зиян келтіреді деп пікірін білдірді. Билік өкілінің осындай мәлімдемесі көптеген ресейлік азаматтар үшін ашық пікір білдіруіне белгі болуы мүмкін»