Ресейде террористтердің саны артып келеді

Ресейде 10 айдың ішінде террористік қылмыстар саны үштен бір есеге өсті.

Ресей ІІМ террористік қылмыстар санының айтарлықтай артқанын хабарлады. Атап айтқанда, олардың саны тоғыз айдың ішінде 30%-ға артты.

«2020 жылдың қаңтар-қазан айларында террористік сипаттағы 1 990 қылмыс (өсім 33,3%) және экстремистік бағыттағы 708 қылмыс (өсім 39,9%) тіркелді», — делінген хабарламада.

ІІМ мәліметінше, жалпы 2020 жылдың басынан бері 1,7 млн қылмыс орын алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға жоғары. Тіркелетін қылмыстардың саны Ресейдің 52 өңірінде өсті, ал 33-де төмендеді. Қоғамдық орындарда 525,1 мың қылмыс тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,2%-ға аз.

Добавить комментарий