Ресейде әскерге шақыру жасын көтеру жоспарлануда


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/12/speech-44992-1671653567-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Ресейде әскерге шақыру жасын 21-30 аралығында қылмақ. РФ Қорғаныс министрлігі әскери қызметке шақыру жасын 18 жастан  21 жасқа көтерілетінін хабарлады.

Әскерге шақыру жасы да 27 жастан 30 жасқа дейін ұлғаяды.

Ресей президенті Владимир Путин РФ Қарулы Күштерін реформалау жөніндегі ұсыныстарды мақұлдады.

РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу РФ-да мерзімді әскери қызметке шақыру жас шегін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

«Қарулы Күштерді жасақтау кезінде азаматтарды әскерге шақыру жасын кезең-кезеңмен 18 жастан 21 жасқа дейін ұлғайту, ал шекті жасты — 30 жасқа дейін арттыру ұсынылады», — деді министр сәрсенбі күні әскери ведомствоның алқа отырысында.

Оның айтуынша, «азаматтардың қалауы бойынша әскери борышын өтеуге келген күннен бастап келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету» жоспарланған.

Қазіргі уақытта 18-27 жас аралығындағы ер азаматтар әскери қызметке шақырту алады.

Добавить комментарий