Ресейде әскерге шақыру жасын көтеру жоспарлануда. Бұл 30 жасқа дейінгі адамдарды мерзімді әскери қызметке шақыруға мүмкіндік береді.
Бұл туралы РФ Мемлекеттік думасының қорғаныс жөніндегі комитетінің төрағасы Андрей Картаполов «Парламенттік газетке» берген сұхбатында айтты.
Атап айтқанда, ол мерзімді әскери қызметке шақыру жасын 3 жылға (қазіргі 27-ден 30-ға дейін) көтеруді жоспарлап отырғанын хабарлады.
Картаполов Ресейде әскерге шақыру жасын көтеру 1-ден 3 жылға дейін созылатынын, процестің өзі кезең-кезеңмен жүргізілетінін, бірақ осы көктемде басталатынын атап өтті.
«Көктемгі әскерге шақыру басталғанға дейін әрбір әскери комиссариат жаңа ережеге сәйкес әскерге шақыруға қанша адам жататынын анықтауы тиіс. Кейін — бұл деректерді әскери тапсырмаға сәйкес келтіру керек. Шартты түрде айтқанда, әскери комиссариаттың қарамағында 21-30 жас аралығындағы, әскери борышын өтемеген және ол үшін жеткілікті негізі жоқ жүз адам болады. Ал тапсырма — 200 адам. Сәйкесінше, олардың жартысын бұрынғыдай 18 жастағылар, жартысын 21 жастан 30 жасқа дейінгі ер азаматтар құрайды», — деді қорғаныс комитетінің төрағасы:
Қартаполовтың айтуынша, осылайша кезең-кезеңімен жаңа жүйеге көшіп, әрбір науқан сайын әскерге шақыру жасын біртіндеп ұлғайтатын болады.
Ол сондай-ақ бұл үшін қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда, әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңға «түзетулердің тұтас кешені» қажет болатынын айтты.
Егер бұл өзгерістер күшіне енсе, онда РФ-да әскерге шақыртудың ең төменгі жасы 18-дің орнына 21-ді, ал ең жоғары жасы 27-дің орнына 30-ды болады.