Ресейде үшінші балаға миллион рубль төленетін болады

Ресейде Қиыр Шығыста үшінші бала үшін төленетін жәрдемақы көтерілді.

Қиыр Шығыста үшінші бала туғанда төленетін жәрдемақы мөлшері ұлғайтылды. Ресей президенті Владимир Путиннің ұсынысы бойынша үшінші және одан кейін дүниеге келген әр бала үшін 1 млн төленетін болады.

Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, төлемақыны жаңа туға сәбиін ҚШФО АХАЖ органдарында тіркеген отбасылар алады.

Бұған Премьер-министр Михаил Мишустин жауапты болып тағайындалды.

«ШЭФ алаңында вице-премьер Юрий Трутнев президенттен Сахалиндегі тәжірибені Қиыр Шығыста қолданып, үшінші бала туғанда 1 млн рубль төлеу туралы шешім қабылдауды сұрады», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий