Ресейде шетел агенті тізімі толықтырылды

23 сәуірде РФ Әділет министрлігі шетел агенттер — БАҚ тізіміне «Медуза» интернет-басылымын енгізді. Айта кету керек, «Медуза» өткен жылдың қорытындысы бойынша ең көп дәйектелген интернет-ресурстардың ондығына кірді, сондай-ақ әлеуметтік желілерде гиперсілтемелер бойынша көш басында тұр. Сол күні «шетел агенті» тізіміне «Первое антикоррупционное СМИ» басылымы да енгізілді.

Мысалы, 14 сәуірде күштер DOXA тәуелсіз студенттік журнал редакциясында тінту жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ осы басылымның редакторларын тұтқындап, одан жауап алды. Тінту мен жауап алудан кейін журналистер сотталды, оларға іс жүзінде үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Оқиғадан бес күн бұрын DOXA редакциясында күштер «Важные истории» басылымының бас редакторы Роман Анинді тұтқындап, жауап алды. Сондай-ақ, ФҚҚ қызметкерлері журналистің пәтері мен «Важные истории» редакциясында тінту жұмыстарын жүргізді.

Осы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Роскомнадзор Азаттық радиосының жобалары жарияланымдарды таңбалаудың жаңа ережелерін бұзғаны үшін сотқа 400-ге жуық хаттама жолдады. Ресей заңнамасының талаптарына сәйкес шетел агенті деп танылған тұлға жарияланымдарды орналастыру кезде өзінің мәртебесін көрсетуге міндетті. Медиакорпорация Ресей заңнамасының барлық нормаларын сақтағаны, алайда бұл талапты орындағысы келмегенін айтты. Бұл РФ тарапынан редакциялық саясатқа ықпал ету әрекеті деп мәлімдеді. Бұған дейін АРЕ/АР президенті Джейми Флай РФ билігінің редакция объективті және шынайы ақпарат таратуына байланысты қысым көрсетіліп отырғанын, ал Кремль мұндай ақпаратқа қол жеткізуді шектеуге тырысып жатыр деп мәлімдеген болатын.

«АРЕ/АР» ЖШС-ге қатысты сот шешімі шығарылды. Аталған шешім бойынша 70 миллион рубль айыппұл салынды. Медиакорпорация айыппұлдарды ресейлік заңнамаға сәйкес даулап отыр, бірақ қазіргі уақытта бәрі сәтсіз аяқталды, ешқандай апелляция қанағаттандырылмады.

«Медуза» және Первое антикоррупционное СМИ» РФ Әділет министрлігі шығарған шешіміне шағымдануға дайын екендіктерін білдірді.

Еуроодақ «Медузаны» қолдау туралы мәлімдеме жасады. Сондай-ақ ЕО Мәскеудің әрекетін сынға алып, мұндай шешім РФ-ның адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелеріне қайшы келетінін атап өтті. ЕО тарапынан Роман Анинге де, DOXA журналына да қатысты осындай мәлімдемелер жасалды. Бірақ көріп отырғанымыздай, Кремль мұндай мәлімдемелерді елемей, журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына қысым көрсетуін жалғастырып келеді.

Добавить комментарий