Ресейде шахтада болған апаттан зардап шеккендер саны 63-ке жетті

Кузбастағы (Ресей) шахтада болған өрт кезінде қаза тапқандар мен жарақат алғандардың саны туралы белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік! «Листвяжная» шахтасында өрт шықты. Қайғылы оқиғадан 52 адам, оның ішінде 6 құтқарушы қайтыс болды.

Кемеров облысы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Виталий Херасковтың айтуынша, ауруханада 50 адам жатыр, ал жарақат алған 13 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Оның айтуынша, эвакуациялау кезінде зардап шеккен 11 тау-кен құтқарушының жағдайы жеңіл және орташа дәрежеде.

«Қазір тау-кен құтқарушыларының жағдайы жақсы, олардың барлығы есін біледі. Олардың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», — деп мәлімдеді Херасков. Естеріңізге сала кетейік, кеше, 25 қарашада Кемеров облысы, Белово қаласында орналасқан кәсіпорында өрт шығып, жарылыс болды. Оқиға кезінде шахтада 285 адам болған. Бастапқыда 11 адам қаза тапқаны және 36 адам із-түссіз жоғалып кеткені хабарланған. Кейін іздеу операциясы кезінде үш құтқарушының қаза болғаны белгілі болды. Өңірде үш күндік аза тұту жарияланды.

Добавить комментарий