Ресейліктер банк картасында «сақталып тұған» ақшасын қолма-қол ақша қылып шығарыр алуға тырысуда. Блогер Николай Лиметенко Ресейдің барлық аймағында банкоматтардың алдында адамдар ұзын-сонар кезекке тұр деп жазды, Батыстың салған санкциялары қарапайым ресейліктерге кері әсер ете бастады.
Ресейлік либералды тележүргізуші Александр Невзоров Мәскеудегі сауда орталықтарының бірінде банкоматтың алдында 70 адам ұзын-сонар кезекте тұрғанын көрсетті. Кезекте тұрғандардың бірі банкоматқа ақша салынғаннан кейін 40 минуттан соң бітіп қалып жатқанын айтты.
Еске сала кетейік! Visa мен Mastercard Ресей аумағында жұмыс істеуден және ресейлік карталарға қызмет көрсетуден бас тартқаннан кейін банктер өз клиенттеріне ақшасын шешіп алуды ұсынды.
Басқа видеоны Twitter қолданушысы Олег Филоненко жариялады.
Мәскеудегі банкоматтың маңында түсірілген видеоны Олег Филоненко Twitter-дегі парақшасында жариялады.
«Мәскеуде және Ресейдің басқа қалаларында банкоматтар алдында ұзын-сонар кезектер пайда болды. Фото 5 а.m.-де түсірілген», — деп жазды Олег Филоненко.
Ресейде АҚШ долларының бағамы өсіп барады. Бірнеше күннің ішінде рубль бағамы 40%-ға төмендеді, сондықтан Ресей азаматтары ұлттық валютаның құнсыздануына байланысты ақшасынан қағылып қалмау үшін әртүрлі тауар сатып алуға тырысып жатыр.