Мобилизацияның жаңа легі жариялана ма? Бұл сұраққа сарапшылар қолда бар деректерді талдау негізінде жауап беруге тырысып бақты. Путин үшін мобилизация өте қажет, себебі Ресей әскері соғыс алаңында айтарлықтай шығынға ұшырады, деп есептейді батыстық сарапшылар. Мәселен, АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Ресей әскері орасан зор шығынға ұшырағанын айтып отыр. Сонымен қатар РФ армиясы Бас штабының басшысы Валерий Герасимов Ресей-Украина соғысындағы әскери қимылдардың қарқындылығы Ресей әскерлерін қазіргі Ресей тарихында бұрын соңды болмаған жағдайларға алып келді дейді.
Герасимовтың соғыс қимылдарының қарқындылығы туралы мәлімдемесі РФ-ның орасан шығын туралы фактіні растап отыр, деп есептейді сарапшылар. Украина тарапының мәліметінше, қанды соғыста Ресей әскері 125 000-нан астам адамынан айырылды.
Сарапшылар мен аналитиктердің пікірінше, Ресей президенті мобилизацияның жаңа легі туралы жариялауға уақыт келгенін айта кеткен жөн. Путин мобилизация аяқталды деп мәлімдегенімен, РФ-да мобилизацияны аяқталғаны туралы ресми құжат жоқ.
Сондай-ақ, мобилизация шараларының бірінші кезеңінде жіберілген барлық қателіктер ескерілгені белгілі. Ресей Федерациясында жергілікті билікпен өзара іс-қимылды жолға қою арқылы әскери комиссариаттарды жаңғырту қолға алынды. Үкімет дерекқорды цифрландыруды тапсырды. Хабарламада айтылғандай, әскери комиссариаттардың деректер базасы ФНС, ПФР, «Сайлау» ГАС және АХАЖ органдарының деректері есебінен автоматты түрде жаңартылады.
«Сонда РФ-да мобилизацияның жаңа легін жариялау не кедергі?», — дейді батыстық сарапшылар.
Олардың пікірінше, басты себеп Ресей көптеген азаматтарды бірден әскери қатарына шақыруға дәрменсіз. Толыққанды соғыс қимылдары басталғалы 11 айдың ішінде РФ әскері аталған барлық істерді тиісті деңгейде атқара алмайтынын көрсетті. Ресей өз сарбаздарын қару-жарақ пен техникамен ғана емес, тіпті әскери формамен де толық қамтамасыз ете алмайуда. Сапалы оқыту мен даярлық туралы айтпай-ақ қойсақ болады. Қазіргі таңда Ресей армиясы жүргізіп жатқан әскерге шақыру науқаны «құрдымға кетуде». Түрлі дереккөздерден белгілі болғандай, РФ-да жасырын мобилизация тоқтаған жоқ», — деп мәлімдеді украиналық сарапшылар.
Барлық сарбаздарды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін Путинге ел экономикасын әскери жағдайға ауыстыру қажет. Естеріңізге сала кетейік, 14 шілдеде Путин экономикадағы «арнайы шаралар» туралы заңға қол қойған болатын. Заң армияның қажеттіліктері үшін мемлекеттік тапсырысты орындау үшін үстеме жұмысты енгізуге және компанияларды мәжбүрлеп тартуға мүмкіндік береді.
Украиналық барлау қызметі өз кезегінде Путин экономика мен әскери-өнеркәсіптік кешенді қайта құру бойынша іс-шаралар жүргізуді жалғастырып жатқанын хабарлады. «Қалай болғанда да, Путин ұзаққа жалғасатын соғысқа дайындалып жатыр, демек Ресейле мобилизация қалай да болсын жүргізіледі», — деп есептейді сарапшылар.