Ресейде мобилизация қалай жүріп жатыр: сарапшылардың пікірі


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/10/speech-41143-1666698799-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Ресей президенті Владимир Путин 21 қыркүйекте елде ішінара мобилизация жариялады. Ресей үкіметінің жоспарына сәйкес 300 000 резервші тартылып, Украина аумағына жауынгерлік міндеттерді орындауы тиіс.

Мемлекеттік Думаның қорғаныс комитетінің төрағасы Андрей Картаполовтың мәлімдемесіне сәйкес бірінші кезекте бірінші разрядқа жататын азаматтар жұмылдырылуы мобилизацм тиіс. Өз кезегінде РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу әскери-есептік мамандығы мен жауынгерлік тәжірибесі бар адамдар ғана әскерге шақырылатынын айтты. «Тәжірибеде РФ-да мобилизация тұрақсыз өтіп жатыр. «Ішінара» мобилизация тек әскери борышын өтегендерге ғана емес, тек запаста болғандарға да қатысты болды», — деп мәлімдейді батыстық саясаттанушылар.

Ресей президентінің ақпараттық кеңістікте ішінара мобилизация туралы мәлімдемесінен кейін жас ер адамдарға «рейд» жасалғаны туралы ақпарат пайда болды. «Мәскеу мен Санкт-Петербург сияқты қалалардың тұрғындары ауыр қабылдады. Аталған қалалардың тұрғындарын мобилизация айналып өтпегенімен, «басқа» өңірлердің тұрғындарынан салыстырғанда қатты әсер етпеді.

Ішінара мобилизация тек әскери борышын өтегендерге ғана емес, запаста болғандарға да қатысты

Көптеген дереккөздердің хабарлауынша, Санкт-Петербургтің түрлі аудандарында тұрғын үйлердің кіреберістерінде полицейлер мен әскери комиссариаттар жас ер адамдарға әскерге шақыру қағаздарын берген», — деп жазады батыстың бұқаралық ақпарат құралдары. Өз кезегінде Мәскеу мэрі Сергей Собянин 17 қазанда елордада мобилизация жөнінде міндеттер орындағанын және мәскеуліктерді жұмылдыру аяқталғанын, соғыс алаңына жібермейтінін жариялады. Батыстың сарапшылары Собянин елорда тұрғындары арасында наразылықты бәсеңдету үшін осындай қадамға барғанын мәлімдеді. Сарапшылардың бағалауын назардан тыс қалдыруға болмайды, олар барлығына бірдей болмай отырған мобилизация РФ-да әлеуметтік алшақтықты тудырады деп отыр.

Ішінара мобилизация тек әскери борышын өтегендерге ғана емес, запаста болғандарға да қатысты

Айта кету керек, азаматтық авиация қызметкерлері де «нысанаға» ілікті. Украина барлау қызметінің мәліметтері бойынша, әуе компания қызметкерлерінің 50-80%-ы әскерге шақыруға жатады, оның ішінде ұшқыштар мен ұшу кемелеріне қызмет көрсететін техникалық персонал да бар. Бұрын-соңды болмаған жағдайлар орын алып жатыр. Мәселен, Уфада ұшақтың штурвалынан екінші ұшқышты әскери комиссариатқа алып кетті, сол себепті Түркияға ұшатын рейс 9 сағатқа кешіктірілді. РФ-дағы мобилизация аяқталып қалғанына қарамастан, ресейліктер өздерін қауіпсіз сезінбеуде. РФ әскері соғыс алаңында орасан зор шығынға ұшырауда, бұл Путин режиміне жақын арада Ресейде ер адамдардың бір бөлігін жұмылдыратынын білдірді.

Добавить комментарий