Ресейде қазір тұрақсыз және шиеленісті жағдай қалыптасты. Бұл Навальный мен жалпы оппозиция төңірегіндегі жағдай. Биліктің Түркиямен әуе қатынасын толық тоқтату туралы шешімі. Күн сайын Батыстың жаңадан енгізілген санкциялары немесе Украинамен шекарадағы шиеленісті әскери жағдай туралы жаңалықтарды естіп, Ресейдің агрессивті сыртқы саясатын қарапайым халықта мезі болды.
РФ билігі қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті жоюдың амалын тапты. РФ президенті Владимир Путин Роспотребнадзордың 1-10 мамыр аралығында «демалыс күнін» белгілеу туралы өтінішін қанағаттандырды. Мұндай ұзақ демалыстың ресми нұсқасы — елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу. Осылайша, билік азаматтардың қамын ойлап, қамқорлық танытып отырғанын көрсетпек. Роспотребнадзор басшысы Анна Попова мұндай қадам індеттің жаңа толқыны қаупін айтарлықтай азайтатынын айтады.
Әлеуметтанушылар ресейліктердің жартысы, негізінен табысы төмен адамдар үкіметтің бұл шешімін толық қолдайтынын атап өтті. Оларды алаңдататын жалғыз нәрсе — былтырғы жылмен салыстырғанда кәуап дайындауға қажетті тауарларды сатып алуға орташа бағаның 25%-ға өскені.
Ал ресейлік кәсіпкерлер бұған наразы, себебі демалыс күндері қызметкерлеріне ,өз қалтасынан төлеуге тура келеді. Айта кетерлігі, өткен жылы FinExpertiza жүргізген зерттеу көрсеткендей, Владимир Путиннің өткен жылы жариялаған демалыс апталары бизнеске 124 млрд рубль шығын келтірілген. Естеріңізге сала кетейік! Өткен жылы ресейліктер бір апта бойы карантинде отыруға мәжбүр болды. Батыс саясаттанушылары биыл көрсеткіш одан да көп болуы мүмкін деп есептейді.
Ресей экономикасы санкциялар мен коронавирустан әбден қажыды, ал үкімет мұндай сәтте популистік шешім қабылдады. Ал, бұл шешімнің зардабын ақыры соңында экономиканың шығындарын өтейтін жұмыс берушілер мен салық төлеушілер тататын болады.